Жеңімпаз

Жеңімпаз

27 наурызда Алматыда Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ) GEFF Kazakhstan II "жасыл" экономиканы қаржыландыру бағдарламасының екінші кезеңінің іске қосылуын жариялады. Бағдарлама энергия тиімді және ресурс үнемдейтін технологиялардың көмегімен тұрғын үй мен бизнесті жаңғыртуға бағытталған. Осы бағдарлама бойынша ЕҚДБ жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнес компанияларына кредит беру үшін қаржы институттарына $150 млн береді. Сондай-ақ, қаржыландыру жасыл технологияларды жеткізушілер мен өндірушілерге беріледі.

Бағдарламаны іске қосуға арналған іс-шараға халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың, қаржы институттарының, бизнес және үй шаруашылықтарының өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында "Жасыл серпіліс: жасыл экономикаға көшу Қазақстанның қаржы секторын қалай өзгертеді" тақырыбында панельдік пікірталас өтті. Қатысушылар GEFF бағдарламасы арқылы қаржы секторына берілетін қиындықтар мен мүмкіндіктерді талқылады.

Іс-шараның соңғы бөлігі партнерлерді марапаттау рәсімі болды, олардың бірі "Тұрмыстық техника санатындағы үздік жеткізуші" номинациясы бойынша «DAUSСHER» сауда маркасымен «WIN WIN DISTRIBUTION» компаниясы атанды.

«DAUSСHER» сауда маркасымен «WIN WIN DISTRIBUTION» компаниясы Қазақстанда 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Dauscher Тоңазытқыш және мұздатқыш жабдықтары сенімділікпен және энергия тиімділігінің жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленеді.

"Geff бағдарламасының арқасында «DAUSСHER» техникасы үлкен қалаларда ғана емес, шалғай аймақтарда да сатып алушылар арасында сұранысқа ие болды. Ауыл тұрғындарының бұрын қолы жетпейтін сапалы энергияны үнемдейтін техниканы сатып алу мүмкіндігі болды. Жасыл қаржыландыру бағдарламасының көмегімен сатып алушылар электр энергиясына шығындарды қысқартып қана қоймай, қоршаған ортаға да қамқорлық жасауға мүмкіндік алады", - деді «WIN WIN DISTRIBUTION» компаниясының директоры Жарқынай Машарипова.

Жасыл қаржыландыру Қазақстан дамуының негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Біздің Республикада жасыл қаржыландырудың маңыздылығы бұрынғыдан да өзекті. Ластану деңгейін төмендету және электр энергиясын азайту жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін, өндірістер мен жеке үй шаруашылық энергия ресурсын тиімді үнемдейтін  жабдықпен кешенді жаңғырту қажет

Фотографии